29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирін қабылдайды. Қазақстан атынан 11 команда бақ сынайды. Киберспорттан аты әлемге танымал спортшылар мен командалар қатысады.
«Болашақ ойындары» – дәстүрлі спорт пен цифрлық технологияларды ұштастыратын бірегей халықаралық мультиспорттық жоба.
Жарыстар елорданың төрт негізгі спорттық нысанында, атап айтсақ, Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Ұлттық теннис орталығы мен Барыс Арена көпбейінді мұз сарайында өтеді.
Турнирдің ашылу салтанатын 29 шілдеде сағат 16:45-те «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.
Фото: gov.kz