Бүгін Елордада бірінші рет электр қуатымен ұшатын әуе таксиі сынақтан өткізілді.
Әуе көлігі толық электр қуатымен жұмыс істейді. Атмосфераға зиянды қалдық шығармайды. Сондай-ақ шу деңгейі төмен және қысқа қашықтыққа қатынауға тиімді.
Аппарат ұшқыштан бөлек, 5 жолаушыны тасымалдай алады. Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен ұшады және бір рет қуатталғанда 200 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсереді.
Фото: Alatau Advance Air Group