Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/-1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Базалық мөлшерлеме – инфляцияны төмендетуге бағытталған негізгі құралдардың бірі.

Мөлшерлеме көтерілсе, кредит пен депозит бойынша пайыздық мөлшерлемелер де жоғарылайды. Ал төмендеген жағдайда, керісінше, пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуіне ықпал етеді.


Фото: egemen.kz