Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде 40 градусқа дейін ыстық болады
29 шілдеде Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 33 градусқа дейін көтеріліп, түнде 20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,2 м/с.
Астанада күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін көтеріліп, түнде 20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,2 м/с.
Шымкентте де бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы 40 градусқа дейін жетіп, түнде 23 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 9,5 м/с.
Фото: Katrin Ray Shumakov/Getty Images