+39 градус ыстық: синоптиктер Астана мен Алматыға арналған болжамды жаңартты
"Қазгидромет" синоптиктері 31 шілде, 1 және 2 тамызға арналған Алматы мен Астанадағы ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
31 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1-6, күндіз 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +35...+37 градус аптап.
1 тамызда күн райы құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын оңтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +22...+24 градус, күндіз +33...+35 градус аптап.
2 тамызда күн райы құбылмалы болады, түнде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +31...+33 градус.
Алматыдағы ауа райы болжамы
31 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +32...+34 градус аптап.
1 тамызда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +35...+37 градус аптап.
2 тамызда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +37...+39 градус өте қатты ыстық.
Ыстықтың жаңа толқыны
Бұған дейін синоптиктер жақын күндері Қазақстанда аптап қайта күшейетінін ескерткен болатын. Болжам бойынша, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі, ал бірқатар облыста қатты жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.
Фото: depositphotos.com