Алматыдан Түркияның тағы бір қаласына тікелей әуе рейсі ашылды
31 шілдеден бастап Алматы мен Измир қаласы арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады
SunExpress әуе компаниясы ашқан жаңа бағыт Қазақстан мен Түркия арасындағы туристік, іскерлік және мәдени байланысты одан әрі нығайтып, қаланың халықаралық әуе желісін кеңейтеді.
Рейстер 2026 жылдың қазан айының соңына дейін аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Boeing 737-800 ұшағымен орындалады.
Ұшақ Измирден сағат 21:00-де ұшып, келесі күні 05:00-де Алматыға қонады.
Кері бағыттағы рейстер сәрсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады:
Алматыдан ұшу – 06:25
Измирге келу – 09:50.
Еске салсақ, бұған дейін 2026 жылғы 31 шілдеден бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Түркияның SunExpress әуе компаниясы кіріп, елімізге тікелей рейстер ашады
Фото: Алматы әкімдігінің ресми арнасы