Бүгін Астана мен Алматыда жаңбыр күтіледі
4 тамызда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті
Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,2 м/с.
Астанада да өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде 18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,4 м/с.
Шымкентте бүгін күн аздаған бұлтты болады. Күндіз термометр бағанасы 33 градусқа дейін жетіп, түнде 24 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 9,2 м/с.
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков