Қазақстанда кей пәндердің атауы мен мазмұны өзгереді

Қазақстанда кей пәндердің атауы мен мазмұны өзгереді

2026 жылы мамырда орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Президент Жарлығы қабылданды. Осы құжаттарды іске асыру аясында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылды.
1-4-сыныптардағы "Цифрлық сауаттылық" пәнінің атауы "Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект", ал 5-11-сыныптардағы "Информатика" пәнінің атауы "Информатика және жасанды интеллект" болып өзгертілді.
“1-4-сынып оқушылары "Медиасауаттылық және ЖИ" бөлімі аясындағы 17 оқу мақсаты бойынша жасанды интеллектімен күнделікті өмірден алынған қарапайым мысалдар арқылы танысады. Олар цифрлық қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау және цифрлық ортадағы жауапты мінез-құлық негіздерін меңгереді”, – деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.
Ведомствоның мәлімдеуінше, 5-9-сыныптарда оқушылар жасанды интеллектіні сабақта дұрыс қолдануды үйренеді. Олар ЖИ-ге нақты сұрақ қоюды, оның берген жауабын тексеріп, сыни бағалауды, сондай-ақ интернеттегі қауіпсіздік пен академиялық адалдық ережелерін сақтауды меңгереді.
“10-11-сыныптарда оқушылар жасанды интеллектінің қалай жұмыс істейтінін тереңірек оқиды. Олар машиналық оқыту, нейрондық желілер, деректерді талдау және ақпаратты қорғау негіздерімен танысып, ЖИ-ді тәжірибеде қолдануды үйренеді”, – делінген хабарламада.
Жаңартылған оқу бағдарламалары өткен оқу жылында апробациядан сәтті өтіп, оң сараптамалық қорытынды алды. Қазір олар белгіленген тәртіппен бекітіліп жатыр.
Бастауыш сыныптарына жүктеме азаяды, жаңа пәндер пайда болады: Қазақстанда мектеп бағдарламаларына қандай өзгеріс енетіні белгілі болды
Бастауыш сыныптарына жүктеме азаяды, жаңа пәндер пайда болады: Қазақстанда мектеп бағдарламаларына қандай өзгеріс енетіні белгілі болды
Министрлік мәліметінше, мұғалімдердің жасанды интеллект саласындағы құзыретін дамыту мақсатында үш деңгейлі оқыту жүйесі енгізілген.“Ол Acquire, Deepen және Create деп аталады. Бүгінде жүздеген мың мұғалім базалық деңгейден өтіп, Жасанды интеллект құралдарын сабақ жоспарлау мен бағалау процесінде қолдана бастады. Оқушылар үшін де жасанды интеллект негіздерін ерте жастан үйретуге бағытталған жобалар әзірленіп жатыр. Атап айтқанда, Day of AI онлайн-бағдарламасы дайындалды. Бұл бастама оқушылардың жаңа технологияларды қауіпсіз әрі тиімді қолдануына мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада.

Пилоттық жоба 2026-2027 оқу жылында бірнеше өңірде іске қосылады.

Фото: Оқу ағарту министрлігі