Қызықты статистика: елімізде Абай есімді 9 әйел адам тұрады

Қызықты статистика: елімізде Абай есімді 9 әйел адам тұрады 

Елімізде Абай есімді қанша адам тұратыны белгілі болды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Абай есімі ерлерге ғана емес, әйелдерге де қойылған
10 тамызда елімізде Абай күні аталып өтеді. Осыған орай Ұлттық статистика бюросы ұлы ақынның есіміне қатысты қызықты статистиканы ұсынды. Бюроның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда бүгінде Қазақстанда Абай есімді 18 961 адам тұрады.
Бұл есім ең көп таралған өңірлер:
Астана қаласы (2 186 адам)
Түркістан облысы (2 008 адам)
Алматы қаласы (1 740 адам).
Абай есімді ең үлкен жастағы қазақстандық 1932 жылы туған. Ал бұл есімді иеленгендердің арасында 30-34 жас аралығындағы азаматтар саны басым – 3 267 адам.
Абай есімі жаңа туған сәбилерге де жиі қойылады. Биылғы жылдың алғашқы жартысында 91 балаға осы есім берілген.
Қазақстанда Абай есімді 9 әйел тіркелген. Сонымен қатар Ибраһим, Ибрагим және Ибрахим есімдерін иеленген 37 844 адам бар.
Ұлы ақынның есімі еліміздің географиялық атауларында кеңінен көрініс тапқан. Қазіргі таңда Абай есімімен 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауыл аталады.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков