Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде жаңбыр күтіледі
12 тамызда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріліп, түнде 24 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,1 м/с.
Астанада өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 27 градусқа дейін көтіріліп, түнде 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,8 м/с.
Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы 41 градусқа дейін жетіп, түнде 26 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 9,2 м/с.
Фото: Thomas Warnack/picture alliance via Getty Images