ОСК басшысы Тоқаевқа Құрылтай сайлауына дайындық туралы баяндады

ОСК басшысы Тоқаевқа Құрылтай сайлауына дайындық туралы баяндады

Мемлекет басшысына 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

Президент бұл сайлау науқанының тарихи сипаты мен қоғамдық-саяси маңызы айрықша екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауды "Заң мен тәртіп" қағидаты негізінде ашық әрі барлық қатысушыға тең жағдай жасау арқылы өткізу қажеттігіне баса назар аударды.
Қазақстандықтарға маңызды хабарламалар келеді: ОСК мерзімін атады
Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы 23 тамызда өтеді. Оның құрамына 5 жылдық мерзімге сайланатын 145 депутат енеді. Сайлауға 7 саяси партия қатысады.
Алдағы сайлау Қазақстанда 1991 жылдан бергі оныншы парламенттік сайлау және 2026 жылғы конституциялық референдумда қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес құрылған Құрылтайға бірінші сайлау болмақ. Бүгінде Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылған.

Фото: Ақорда