Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
19 тамызда Алматы қаласында, түнде Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, – деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Фото: