Бүгін еліміздің екі мегаполисінде өткінші жаңбыр күтіледі
Астана, Алматы мен Шымкентте 25 тамызда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті
Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріліп, түнде 16 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,8 м/с болмақ.
Астанада да өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы 23 градусқа дейін жетіп, түнде 13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,9 м/с болады.
Ал Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 33 градусқа дейін жетіп, түнде 14 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 8,4 м/с деңгейінде болмақ.
Фото: pexels.com