Бибісара Асаубаева Франциядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Бибісара Асаубаева Франциядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева WR Women’s Chess Tour 2026 рапид-турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы WR Chess-тің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды
Бибісара Сен-Тропеде өткен WR Women’s Chess Tour еуропалық кезеңінің жеңімпазы атанды.
"Ол ширек финалда да, жартылай финалда да армагеддоннан өтті. Ал финалда Мария Музычукты 2:0 есебімен жеңіп, турнирді сенімді түрде аяқтады", - делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылар блиц-турнирдің өтетінін де жариялады. Оған дәл осы спортшылар қатысады.

Фото: Lennart Ootes / FIDE