Алматы – Ташкент халықаралық бағытында "Әйелдер вагонын" іске қосылады

Алматы – Ташкент халықаралық бағытында "Әйелдер вагонын" іске қосылады 

"Жолаушылар тасымалы" 2026 жылғы 1 қазаннан бастап алғаш рет №1/2 "Алматы – Ташкент" халықаралық пойызының құрамында "Әйелдер вагоны" қызметін іске қосады.
Алматы – Ташкент халықаралық бағыты Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар қатынасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бағытқа сұраныстың артуы және жолаушылар ағынының өсуі ескеріле отырып, осы бағытта "Әйелдер вагонын" іске қосу туралы шешім қабылданды. Бұл қызмет ішкі теміржол бағыттарында да жолаушылар арасында жоғары сұранысқа ие. "Әйелдер вагоны" қызметі іске қосылғаннан бері оны 946 мыңнан астам жолаушы пайдаланды, – деп атап өтті "Жолаушылар тасымалы" АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.
Қазіргі уақытта пойыз күн сайын қатынайды:
Алматы станциясынан жөнелуі – 19:05;
Ташкент станциясына келуі – 12:53 (Ташкент уақытымен);
Ташкент станциясынан жөнелуі – 14:41 (Ташкент уақытымен);
Алматы станциясына келуі – 08:51.
Жаңа вагонның іске қосылуына байланысты "Әйелдер вагоны" қызметі қолжетімді бағыттардың саны 14-ке жетеді:
№77/78 "Алматы – Маңғыстау";
№351/352 "Алматы – Маңғыстау";
№45/46 "Павлодар  Түркістан";
№37/38 "Маңғыстау – Семей";
№47/48 "Атырау – Астана";
№33/34 "Ақтөбе – Алматы";
№3/4 "Астана – Алматы";
№71/72 "Астана – Шымкент";
№353/354 "Астана – Семей";
№23/24 "Ақтөбе – Алматы";
№25/26 "Алматы – Шымкент";
№613/614 "Орал – Маңғыстау";
№81/82 "Нұрлы жол – Орал";
№1/2 "Алматы-2 – Ташкент".
"Әйелдер вагонында" ересек адамның еріп жүруімен 7 жасқа дейінгі ұл балаларды қоса алып жүруге рұқсат етіледі. Бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады, ал жолаушыларға тек жолсерік әйелдер қызмет көрсетеді.
Билеттер пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45 тәулік бұрын сатылымға шығарылады. Бұл жолаушыларға сапарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Фото: rail-news.kz