2026 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді?

2026 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді? 

2026 жылғы күздің алғашқы айы қазақстандықтар үшін маңызды оқиғаларға толы. Жаңа оқу жылының басталуынан бөлек, елде маңызды саяси өзгерістер болды: Президент халыққа жыл сайынғы Жолдауын жариялайды, жаңа бірпалаталы Парламент - Құрылтай толыққанды жұмысын бастайды, сондай-ақ бірқатар жаңа заң өз күшіне енеді. 
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы
Жыл сайын қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдау жариялайды.
Биыл Құрылтайдың алғашқы отырысында Тоқаев Жолдау Құрылтай мен Үкімет құрамы толық айқындалғаннан кейін жарияланатынын еске салды.
"Жолдауда көтерілген барлық бастаманы атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері бірлесіп, уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысының сөз сөйлейтін нақты күні кейінірек жарияланады.
Касым-Жомарт ТокаевПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Жаңа оқу жылының басталуы
2026 жылғы 1 қыркүйекте қазақстандық мектеп оқушылары мен студенттер үшін дәстүрлі түрде оқу жылы басталады.
Мектептер
Қазіргі уақытта еліміздің 8 мыңнан астам мектебінде 4,1 миллион оқушы білім алады. 5 мыңнан астам мектеп ауылдық жерлерде орналасқан.
Биыл алғаш рет 380 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. 11-сыныпқа 227 мың оқушы көшті. Салыстырмалы түрде айтсақ: алдыңғы оқу жылында мектепті 230 мыңнан астам адам бітірген болатын.
1 сентября КазахстанҚазақстандағы Білім күні. Фото © Tengrinews.kz
Колледждер
Жаңа оқу жылы колледж студенттері үшін де басталады. Қазақстанда 763 колледж жұмыс істейді, онда 556 мың адам білім алады. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша тағы 133 мың студентті қабылдау жоспарланған.
Бұл ретте мемлекеттік тапсырыстың 70 пайызы техникалық бейіндегі мамандарды даярлауға қарастырылған, 10 мыңнан астам студентті кәсіпорындардың өтінімі бойынша кейін жұмысқа орналастыру шартымен қабылдау көзделіп отыр.
Университеттер
Қыркүйекте Қазақстанда 132 жоғары оқу орны жұмысын бастайды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталды. 2026-2027 оқу жылындағы студенттер саны туралы түпкілікті статистика 15 қыркүйекке қарай белгілі болады.
Мектептерде жаңа міндетті пәндер пайда болады
Жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық мектептерде жаңа міндетті курстар пайда болады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 5–7-сынып оқушылары "Конституция негіздерін" оқиды, ал 8–11-сыныптарға "Заң және тәртіп" курсы енгізіледі. Тағы бір жаңа міндетті курс - "Жеке қауіпсіздік" 5-тен 11-сыныпқа дейінгі оқушыларға оқытылады.
Сонымен қатар бұрын таңдау пәні ретінде оқытылып келген "Құқық негіздері" барлық оқушыға міндетті болады. Курстың мазмұны да жаңартылды.
новые предметы в школах РКҚазақстандық мектептерде жаңа пәндер пайда болады. Сурет ChatGPT нейрожелісінің көмегімен жасалған
Тағы бір өзгеріс жасанды интеллектпен байланысты. 1 қыркүйектен бастап ол орта білім беру жүйесіне енгізіле бастайды, осыған байланысты "Цифрлық сауаттылық" және "Информатика" пәндерінің атаулары өзгертілді.
Бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ жойылады
1 қыркүйектен бастап 2–4 сынып оқушылары үшін бағалау жүйесі өзгереді. Бастауыш мектепте бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) алынып тасталады.
Олардың орнына әр бөлім аяқталғаннан кейін оқушылар аралық бағалаудан өтеді. Егер бұрын БЖБ-ға шамамен 15–20 минут бөлінсе, енді аралық жұмыс толық бір сабаққа есептеледі.
Педагогтердің пікірінше, бұл өзгерістер бағалау жүктемесін азайтып, балаларға алған білімдерін ғана емес, дағдыларын да көрсетуге көбірек уақыт беруі тиіс.
Бұл ретте қалыптастырушы бағалау сақталады: 2–4-сынып оқушыларының жұмысы 1-ден 10-ға дейінгі балдық шкала бойынша бағалана береді. Мұнда баланың бүкіл сабақ бойындағы жұмысы: сұрақтарға жауап беруі, өз бетінше орындайтын тапсырмалары, жұптық және топтық жұмысы, сондай-ақ үй тапсырмасы ескеріледі.
Жаңа жүйе 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Құрылтай жұмысын бастайды
23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтті. Оған елде ресми тіркелген барлық жеті саяси партия қатысты.
Құрылтайға бес партиядан 145 депутат кірді: "Әділет", Respublica, "Ауыл", "Ақ жол", ЖСДП.
Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуы 28 тамызда Президенттің қатысуымен өтті. Құрылтай төрағасы болып "Әділет" партиясының жетекшісі Айбек Дәдебай сайланды.
Депутаттар заң жобаларын қарастыратын пленарлық отырыстар қыркүйекке жоспарланған.
Шетелде паспорт рәсімдеу мерзімі қысқарады
Шетелде жүрген қазақстандықтарға елшіліктер мен консулдықтар арқылы паспорт рәсімдеу ережелері өзгереді.
Қазір мұндай қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 90 күнтізбелік күн. Жаңа ережелерге сәйкес, арнайы цифрлық жүйеге қосылған шетелдегі мекемелерде бұл мерзім 40 жұмыс күніне дейін қысқарады. Жүйеге қосылмаған жерлерде бұрынғы мерзім - 90 күнтізбелік күн сақталады.
паспорт КазахстанҚазақстан паспорты. Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Сонымен қатар егер өтініш беру кезінде қате анықталса немесе құжаттар жетіспесе, өтініш иесіне кемшіліктерді түзетуге уақыт беріледі. Осыдан кейін құжаттарды қабылдау күні ретінде алғашқы жүгінген күн есептеледі.
Тиісті өзгерістер Сыртқы істер министрлігінің бұйрығында жазылған. Ол 1 қыркүйектен бастап енгізіледі.
Заң және тәртіп: арнайы комиссия құрылады
Қыркүйектен бастап Қазақстанда Үкімет жанындағы "Заң және тәртіп" конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысын бастайды. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Іс жүзінде бұл қолданыстағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны қайта құру болып саналады. Енді ол осы саладағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруге ғана емес, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілетудің 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруға жауапты болады.
Комиссия мемлекеттік органдар басшылары мен лауазымды тұлғаларының есептерін тыңдап, құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламаларының орындалуын талдай алады, сондай-ақ Үкімет пен әкімдіктерге ұсыныстар мен ұсынымдар дайындайды.
Мемлекеттік органдардың жұмысын талдау және ұсынымдар әзірлеу үшін арнайы ведомствоаралық топ құрылады.
Комиссияға Қазақстан Премьер-министрі төрағалық етеді, ал оның орынбасары Ішкі істер министрі болады. Құрамына Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, бірқатар министр мен мемлекеттік агенттіктердің басшылары кіреді.
Өзгерістер 1 қыркүйекте күшіне енеді.
Психологтар туралы жеке заң күшіне енеді
Қазақстанда 2 қыркүйекте психологиялық қызмет туралы жаңа заң қолданысқа енеді. Бұған дейін елде психологтардың жұмысын реттейтін жеке заң болмаған.
Қазақстанда психологтардың мемлекеттік цифрлық тізілімі жасалады. Мамандар оған бір жыл ішінде тіркелуі тиіс. Бұл ретте психологтарды тек жоғары оқу орындары дайындай алады, ал мамандар кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттыруға міндетті болады.
Сонымен қатар заң шектеулерді белгілейді: психологтар дәрі-дәрмек тағайындай алмайды және психикалық ауруы бар адамдарға психологиялық көмек көрсете алмайды. Консультацияларды бетпе-бет, қашықтықтан немесе аралас форматта өткізуге болады.
Онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейтін психологтар мемлекеттік тізілімдегі тіркеуі, білімі мен біліктілігі туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті.
Тағы бір өзгеріс сәл кешірек іске қосылады: 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап психологтар кәсіби даярлық деңгейін растайтын сертификаттаудан өтуі тиіс.
Қаңғыбас жануарларды аулау ережелері өзгереді
4 қыркүйектен бастап Қазақстанда Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудыі және жансыздандырудың үлгілік қағидалары өзгереді.
Ауланған үй жануарларының чипі немесе басқа да есепке алу құралының бар-жоғы тексеріліп, олардың иелері туралы мәліметтер арнайы базадан ізделеді.
Сондай-ақ ережелер қаңғыбас жануарлардың санын реттеу тәртібін бекітеді. Бұл мақсатта мысықтарды жансыздандыруға болмайды. Ал қаңғыбас иттерге қатысты мұндай шараға мәслихаттар белгілеген тәртіп пен мерзімдерде рұқсат етіледі.
Сонымен қатар әкімдіктер жануарлар агрессия танытып, адамдарға, басқа жануарларға немесе мүлікке қауіп төндірген жағдайда шұғыл әрекет етуді ұйымдастырады. Жануарларды өлтіру үшін у және химиялық препараттарды қолдануға тыйым салынады.
Қазақстан мұнай өндіруді арттырады
Қыркүйектен бастап Қазақстан ОПЕК+ келісімдері аясында мұнай өндіруді арттыра алады.
Қазақстан мен альянстың тағы алты елі мұнай өндіру көлемін түзетуге келісті. Қыркүйекте өндірістің жалпы өсімі тәулігіне 188 мың баррель болады.
Жарияланған кестеге сәйкес, Қазақстанның қыркүйекке арналған квотасы тәулігіне 1,628 миллион баррель деңгейінде белгіленді.
Қазақстаннан бөлек, өндіріс көлемін ұлғайту туралы шешімді Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман қабылдады. ОПЕК+ бұл түзетуді әлемдік мұнай нарығындағы жағдаймен және сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімді сақтау қажеттілігімен түсіндірді.
6 қыркүйекте елдер өкілдері нарықтағы жағдайды бағалап, мұнай өндіру бойынша алдағы саясатты айқындау үшін тағы кездеседі.
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын толығымен жеке басқарушыларға "бере" алады
7 қыркүйектенбастап қазақстандықтар міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының 100 пайызына дейін жеке басқарушы компанияларға аудара алады.
Қазір мұндай компанияларға міндетті жинақтардың 50 пайызынан аспайтын бөлігін ғана беруге рұқсат етіледі. Бұл ретте қыркүйектен бастап жаңа мүмкіндікті ең төменгі жеткілікті шекке қарамастан пайдалануға болады.
пенсионные накопленияҚазақстандықтардың зейнетақы жинақтары. Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Салымшы жеке басқарушыны зейнетақы активтерін басқаруға рұқсаты бар компаниялардың арасынан өз бетінше таңдайды. Өтінімді БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен немесе қордың бөлімшесінде беруге болады.
Бұл ретте жинақтарды жеке компанияларға беру міндетті емес - бұл шешімді салымшының өзі қабылдайды. Егер таңдалған компания Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тізілімінен шығарылса, зейнетақы жинақтары Ұлттық банктің басқаруына қайтарылады.
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің жаңа ережелері күшіне енеді
7 қыркүйектен бастап Қазақстанда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы жаңа заң күшіне енеді.
Құжат радиоактивті қалдықтарды есепке алу, сақтау және көму ережелерін, сондай-ақ лицензиялауға, мемлекеттік бақылауға, ядролық және радиациялық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды белгілейді.
радиоактивные отходыҚР-ның радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы заңы. Фото: depositphotos.com
Бұдан бөлек, елде радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор пайда болады. Ол қалдықтарды жинаумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен және көмумен, сондай-ақ ұзақ мерзімді мониторингпен айналысады.
Заң 7 қыркүйекте қолданысқа енеді.
Нотариустарға бақылау күшейтіледі
Қыркүйектен бастап Қазақстанда нотариустардың заңбұзушылықтар үшін жауапкершілігі күшейтіледі.
Дербес деректермен жұмыс істеудегі заңбұзушылықтар және Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (БНАЖ) мәліметтерді енгізу мерзімдерін бірнеше рет сақтамағаны үшін лицензияның қолданысы тоқтатылуы мүмкін. Ал электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа адамдарға заңсыз бергені үшін лицензия кері қайтарып алынуы ықтимал.
Сондай-ақ атқарушылық жазбалармен жұмыс істеу тәртібі өзгереді: олар өндіріп алушыға берілмейді, ал жеке сот орындаушысы автоматты түрде анықталады.
Нотариустардың электрондық құжаттары міндетті түрде цифрлық архивте қалыптастырылады. Сонымен қатар заң нотариустарды тексеру тәртібін нақтылайды.
Заңның негізгі өзгерістері 8 қыркүйекте күшіне енеді.
Табыс декларациясын тапсыру мерзімі аяқталады
15 қыркүйекте 270.00 нысаны бойынша табыс пен мүлік декларациясын тапсыру мерзімі аяқталады. 2026 жылы қазақстандықтар 2025 жылғы табысы мен мүлкі туралы есеп береді.
Атап айтқанда, декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, заңды тұлғалардың басшылары мен олардың резидент жұбайлары, компаниялардың кейбір құрылтайшылары мен қатысушылары, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және кәсіби медиаторлар тапсыруы тиіс.
Сондай-ақ шетелде мүлкі, цифрлық активтері немесе шетелдік банк шоттарында ірі сомалары бар қазақстандықтар, 2025 жылы жалпы құны 20 мың АЕК-тен асатын (2026 жылы 86,5 миллион теңге) мүлік сатып алғандар немесе салықты өз бетінге тқлеуі табыс тапқандар есеп беруі қажет.
270.00 нысанын тапсырудың соңғы мерзімі - 15 қыркүйек. Декларацияны уақытылы тапсырмағаны үшін бірінші рет ескерту беріледі, ал бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда - 15 АЕК (2026 жылы 64 875 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.
1 қыркүйектен бастап Алматыда автокөліктердің экологиялық нормативтерге сәйкестігін техникалық тексеру енгізіледі. Ол кезекті жоспарлы техникалық байқау кезінде міндетті болады.

Фото: Tengrinews.kz, depositphotos.com