“Алтын-Емел“ саябағында суат басындағы қар барыстары фототұзаққа түсіп қалды

“Алтын-Емел“ саябағында суат басындағы қар барыстары фототұзаққа түсіп қалды 

"Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сирек кездесетін қар барыстары фототұзаққа түсіп қалды.
Кадрлардан сирек кездесетін жыртқыштардың табиғи ортада қозғалып жүргенін, сондай-ақ суатқа келіп, су ішіп жатқанын көруге болады.
"Осыншалықты сақ әрі тасада жүретін жануар үшін мұндай бақылаулар аса құнды және мамандарға оның мінез-құлқы мен мекендейтін жерлерін зерттеуге көмектеседі", - делінген Qazaqormany хабарламасында.
Мамандар қар барысының таулы және жартасты жерлерде өмір сүруге тамаша бейімделгенін атап өтті. Жалпақ табандары қар үстінде жүруге көмектессе, ұзын әрі мықты құйрығы тік беткейлерде және секіру кезінде тепе-теңдікті сақтау қызметін атқарады.
2026 жылдың маусымында "Қатонқарағай" ұлттық паркінде фототұзақ тағы да қар барысының отбасын таспаға түсірді. Қыста алғаш рет көзге түскен олар айтарлықтай өсіп қалған және қазір анасының соңынан еріп, тау ішінде нық қадаммен саяхаттап жүр.

Фото: Бейнеден алынған кадр