Қазақстандықтар мен америкалықтар 11 қыркүйекті қалай еске алады?

Осыдан 25 жыл бұрын АҚШ-қа әлемдегі ең ірі террористік шабуыл жасалынды. Аэропорттардың қауіпсіздік жүйесі, аэронавигация, терроризммен күресу – бұл трагедиядан кейін қарапайым адам бұрын ойламаған затқа қатты қаталдықпен қарай бастады. Екі мыңнан астам адамның өмірін қиып, бұл кезде Американың екі ең ірі әрі танымал ғимараттың – Бүкіләлемдік Сауда Орталығын, қиратқан бұл теракті Американың тарихын ғана емес, бүкіл әлемді мәңгі өзгертті. Бұл кезде қазақ қоғамы мен мемлекет не ойлағанын және қазір америкалықтар мен қазақстандықтардың бұл трагедия туралы не ойлайтынын білуге тырысамыз.

Америка үшін 2001 жылдың 11 қыркүйегі ең зақымды күндердің бірі болды. Егіз ғимараттардың құлауының қоғамға әсері соншама үлкен болғаны бұл трагедияны америкалықтар мәдениетіне қатты сінгенін көре аламыз. Американлық өлеңдер («Where were you when the sky were falling», «An open letter to NYC», «What more can I give»), кітаптар («Extremely loud and Incredibly close», «Falling man») және фильмдер («Dear Zoe», «My name is Khan», «United 93») бұл теракті кезінде және одан кейін қарапайым адамдардың көңілі мен ойларын өте жақсы жеткізеді. Олардан басқа америкалықтардың өздерінен бұл оқиға жайлы ойын сұрауға болады – олардың терактіден кейін өмірлері кинодан да қызық бола алады. Джон Харви (аты өзгертілген) атты Америка азаматы бізге өз әңгімесін айтты. Харвидің есінде 11 қыркүйектегі терактінің өзі болмаса да, ол бұдан кейін америкалық қоғамда қандай өзгерістер болғанын және бұл оның өміріне қалай әсер еткенін айтып берді:

«Мен 2001 жылы тудым. Шабуылдың өзі есімде жоқ, бірақ мен бұл жасаған ішкі ахуалда өстім. Мені христиан болып өсірді. Оңтүстік штаттарда өсіп «барлық мұсылмандар – террористер» дегенді көп естідім. Мұсылмандар, терроризм және Таяу Шығыс мені қоршаған мәдениетпен қатты байланысты болған. Ауғаныстан мен Ирак мен өскен әлемнің қарапайым бөлігі ғана болды. Соңында мен АҚШ әскерінің «Теңіз мысықтарына» қосылып, онда бес жыл қызмет атқардым. Ондай шешім себептерінің бірі – отанымды мен жау деп санаған адамдардан (мұсылмандардан) қорғауға деген тілегім. Бұл кезде ойымда Аль-Каида мен мұсылмандардың арасында ешбір айырмашылығы болмады. Бірақ бұдан кейін мен мұсылмандармен сөйлесе бастадым. Жапонияның Окинавадағы әскери базада болғанда ондағы мешітте уақыт өткіздім. Мен жолыққан адамдар ойымда болған мұсылмандардан тым басқа болған. Сонда мен ислам туралы оқи бастадым. Мен 11 қыркүйектен кейінгі БАҚ-тағы исламофобиядан әсерленіп, мұсылмандардан отанымды қорғау үшін әскерге кірдім, бірақ мұсылмандардың өздермен кездескенде олардың дінін зерттеп, соңында өзім 21 жасымда исламды қабылдадым. Сондықтан мен үшін 11 қыркүйек салдары кекесін болып шықты», – дейді Джон Харви.

Тарихта ең ірі теракті Америка азаматтарына ғана әсер етпеді – бүкіл әлем адамдары үрей мен қорқынышқа шалдыққан. Қазақстан да бұдан тыс болмады – бүкіл БАҚ-тар бұл трагедия туралы жазған. Қазақстандықтарға бұл терактінің қандай әсерін тигізгенін және бұдан қандай сұрақтар туындағанын біз сол кездің газеттерінен қарай аламыз.

Әр газет 11 қыркүйекке бөлек колонка немесе бет арнады. Бүкіл газеттердің бірінші бетінде Джордж Буштың дәйексөздері мен Қазақстанның терактіні айыптауы жазылды, жанып жатқан егіз-мұнаралар және американлық әскердің фотолары оқырманның көзге түскендей орналасты. Әр БАҚ-тың бұл трагедия туралы өз қызық мақалалары болды.

Мысалы, Панорама апталық газетінде алматылықтар арасындағы 11 қыркүйек туралы әлеуметтік мәлімдеменің нәтижелерін көруге болады. Ол бойынша респонденттің 55%-ы теракті туралы жаңалықтар оларды есеңгіреткенін хабарлады, 82%-ы бұл әлемдік қақтығысқа әкеле алатынын айтты, 73%-ы бұл оқиға әлемдік қаржы дағдарысын бастайтынына сенді.


«Түркістан» газетінде бұл теракт мұсылмандарға қандай әсер тигізетіні туралы кіші мақала, қазақстандық сарапшылардың ойлары және америкалық газет мақалаларының қазақшаға аудармалары жазылды.

«Жас Алашта» терактқа қандай елдер қатысты болуы мүмкін және АҚШ қай елге шабуыл жасай алатын болжам болды.

Ал «Казахстанская Правда» газеті «Қазаэронавигацияның» бас директорынан теракт туралы сұхбат алды.

Қазақ қоғамының көңілін ескі газеттің көмегімен ғана толық түсінуге қиын болады. Бұл трагедия кезінде адамның шын сезімін білу үшін теракт туралы хабарды өз көзімен көрген адаммен сөйлесу керек. Досжан Зердібекұлы (аты өзгертілген) үшін бұл қарапайым жұмыс күні болды. Ол және оның әріптестері үшін қайғылы жаңалық кеңсек тыныштығын кенеттен бұзды:

«2001 жылдың 11 қыркүйегінде мен жұмыста отырдым. Түстен кейін  әріптесіміз кеңсеге жүгіріп кіріп, теледидарды қосуды айтып, «Масқара болып жатыр» дегеннен басқа бізге ештеңе айтпады. Теледидарды қоссақ, Нью-Йорктағы егіз мұнараларға ұшақ соғылғанын көрсетіп жатыр. Біз бастапқыда америкалықтар тағы бір кино түсіріп жатыр деп ойладық, бірақ жаңалықтың дауысы шыға бастағанда көңіліміз әбден бұзылды. Соншама биік мұнаралардың жанып, құлағанын көргенде әр адам тітіркенеді. Одан кейін мұнаралардан басқа теракті сол күні орындалғаны айтылды. Бұл жаңалықтың әсері кеңседегі бүкіл адамға қатты болды», – деді Досжан.

Бұндай масқараны үлкен адамдар ғана есте сақтады деген ой қате болады. Бұл кезде студент болған Кенже Кәрібаеваның адамдардың көңілі, өз ойы есінде жақсы сақталды:

«Теракт жайлы біз алғаш Қазақстандағы телеарналардың жаңалықтарынан көрдік. Сол жылдары студент едім. Аудиторияда сабақ тоқтап, бәріміз теледидардағы жаңалықтарды жібермей, аңдып отырдық. Үлкен қорқыныш болды. Себебі бұрын-соңды мұндай үлкен қайғылы оқиға туралы, теракт туралы естімеген едік. Оқиға алыстағы Америкада болса да оның дүрбелеңін біз де сездік. Кураторымызбен бірге бұл оқиғаны ой-өрісіміз жеткенше талқыладық. Бұл теракт ешкімнің ештеңеден сақтандырылмағандығын көрсетті», – деп айтты Кенже Кәрібайқызы.  

11 қыркүйектегі теракт көп затты өзгертті. Бүкіл әлем адамдардың қауіпсіздік сезімін жойды, батыс елдерінде болған исламофобияны нығайтты, ұшақ рейстерінің, аэропорттардың ережелерін толығымен өзгертті. Жарылыстар мұхиттың ар жағында болса да, олардың жаңғырығы елімізде әлі де естіліп жатыр.


Абылай Өмірәлиев

MNU студенті


Негізгі фото inform.kz сайтынан алынды