Премьер Бектенов алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ескертті
Премьер-министр Олжас Бектенов токенизация нарығы мен криптоиндустрияның дамуы аясында алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болғанын мәлімдеді.
Үкімет басшысының айтуынша, осы айда Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) криптовалютамен шағын несие беруге қатысты заңсыз қызметтің жолын кесті.
"Токенизация нарығы мен криптоиндустрияның қарқынды дамуы аясында алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болып отыр. Осы айда ҚМА криптовалютамен шағын несие беру кейпіндегі заңсыз қызметтің жолын кесті", - деді Бектенов.
Премьер уәкілетті органдарға цифрлық ортада азаматтарды қорғау жұмысын жалғастыруды тапсырды. Атап айтқанда, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне Ұлттық банкпен бірлесіп киберқауіпсіздік саласындағы жұмысты күшейту және заңнаманы жетілдіру тапсырылған.
Фото: depositphotos.com