Тоқаев Германияға ресми сапармен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Федеральдық президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды
Сапар аясында Берлинде ГФР президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федеральдық канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған.
Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі