Қазақстандық Рита Бакишева Азия ойындарының тарихи жүлдесін иеленді
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында виртуальды таеквондодан жарыс өтіп жатыр. Қазақстандық Рита Бакишева Азиаданың қола жүлдегері атанды
Отандасымыз жартылай финалда Филиппин спортшысы Жеус Габриель Дерик Япеге (Филиппин) 0:2 есебімен жол берді. Нәтижесінде Рита Бакишева қола жүлдеге ие болды.
Ол бұған дейін алғашқы айналымда Мохаммад Аладарбиді (Иордания) 2:0 есебімен жеңсе, 1/4 финалда Үндістан өкілі Кашиш Маликтен 2:1 есебімен айласын асырған еді.
Виртуалды таэквондо Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Бұл спорт түрін халықаралық World Taekwondo ұйымы ресми түрде мойындады.
Айта кетейік, Рита Бакишева бүгін 49 келіде де ел намысын қорғайды.
Фото:Спортты дамыту дирекциясы