"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге бірқатар өңірдегі ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады
"ҚазАвтоЖол" ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды
"ҚазАвтоЖол" мамандарының хабарлауынша, 6 қазанда Ақмола, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.
"Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Ал жолдардағы жағдай туралы қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып алуға болады.
Фото: Рexels.com