Тоқаев Түрікменстан президентімен кездесті

Тоқаев Түрікменстан президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында президент Сердар Бердімұхамедовпен кездесті
Мемлекет басшысы ықыласпен қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін Түрікменстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Кездесуде тараптар ықпалдастықтың барлық бағытында оң динамика байқалатынына тоқталды.
Мемлекеттер басшылары бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды, сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен перспективті жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.
Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге баса назар аударылды. Сонымен қатар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесі қарастырылды.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда өтіп жатқан Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуіне қатысты.

Фото: Ақорда