Қай өңірлерде көлікті қысқы дөңгелекке ауыстыратын уақыт келді?

Қай өңірлерде көлікті қысқы дөңгелекке ауыстыратын уақыт келді?

Қазгидромет мәліметінше, 2026 жылдың қазан қалыпты деңгейден жылы болды – облыстардың басым бөлігінде айлық орташа температура климаттық нормадан 1–2 градусқа жоғары.
Бірақ бұл дөңгелек ауыстыруды қарашаға дейін созуға болады деген сөз емес: еліміздің барлық дерлік өңірінде түнгі үсік, тұман, көктайғақ, ал бірқатар облыста жаңбырдың соңы жылбысқы қарға ұласып, жаяу бұрқасын болады деп болжанып отыр. Қай өңірде қысқы дөңгелек қазірден бастап қажет, ал қай жерде жазғы жиынтық әлі де жарамды екенін Tengri Auto анықтап көрді.
Дөңгелекті қашан ауыстыру керек?
Тек күнтізбеге ғана сенуге болмайды. Басты критерий – тұрақты орташа тәуліктік температура мен жол жабынының жағдайы.
Жазғы дөңгелектер шамамен +7 градустан жоғары температурада жұмыс істеуге арналған. Температура бұдан төмендегенде, резеңкенің құрамы "қатып", ілінісу сапасы нашарлайды, соның салдарынан дымқыл әрі суық асфальтта тежеу жолы айтарлықтай ұзарады.
Қысқы дөңгелектерді орташа тәуліктік температура тұрақты түрде +5…+7 градусқа және одан төмен түскенде, сондай-ақ түнгі уақытта үнемі үсік жүріп, тұман, көктайғақ болып, жылбысқы қар мен жолды қар басқанда орнату ұсынылады.
Қысқаша айтқанда: түнгі үсік + күндізгі +5…+10 градус + жаңбыр мен жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын = дөңгелек ауыстыратын уақыт келді. Егер күндіз әлі +15…+25 градус жылы болып, ал түнде температура қысқа уақытқа ғана 0 градус маңына түссе – сәл күте тұруға болады, бірақ қысқы жиынтықты сақадай сай ұстау керек.
Кімдерге қазірден бастап "аяқ киімін" ауыстыру қажет?
Солтүстік Қазақстан облысы
Қардың тұрақты түсуін күтпестен, дөңгелекті қазірден бастап ауыстыру қажет. Үшінші онкүндіктегі түнгі үсік пен жылбысқы қар жазғы дөңгелекпен жүруді қауіпті етеді.
Екінші онкүндікте түнде +1…+6-дан -2…-7 °C-қа дейін ауытқу болады, күндіз +14…+19-дан +6…+11-ге дейін. Үшінші онкүндікте түнде -5…-10-ға дейін төмендеп, күндіз +3…+8 болады, жаңбыр мен жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын жиілеп, тұман мен көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысы
Қысқы дөңгелекті қазірден бастап салған жөн, әсіресе таңертең ерте немесе кешке кеш жүретін болсаңыз.
Екінші онкүндікте түнде 0…+5-тен -1…-6-ға дейін ауытқу болады, күндіз +15…+20-дан +9…+14-ке дейін. Үшінші онкүндікте түнде -2…-7-ге дейін төмендейді, күндіз +3…+8, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын болжанады.
Ақмола облысы
Жергілікті тұрғындарға да дөңгелектерін ауыстыруға кеңес береміз. Үшінші онкүндіктегі түнгі үсік пен көктайғақ – жазғы дөңгелек үшін тікелей қауіп.
Екінші онкүндікте түнде 0…+5-тен -2…-7-ге дейін, күндіз +12…+17-ден +6…+11-ге дейін. Үшінші онкүндікте түнде -3…-8-ге дейін, күндіз +2…+7, жаңбыр мен жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын жиілейді, тұман мен көктайғақ болады.
Павлодар облысы
Қысқы дөңгелек қазірден бастап қажет, әсіресе солтүстік және шығыс аудандарда.
Екінші онкүндікте түнде -5…-10-нан 0…+5-ке дейін, күндіз +6…+11-ден +13…+18-ге дейін. Үшінші онкүндікте түнде -3…-8-ге дейін, күндіз +2…+7, жаңбыр мен жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын, тұман мен көктайғақ күтіледі.
Абай облысы
Дөңгелек ауыстыратын уақыт жетті. Түнгі үсік тұрақты, ал үшінші онкүндікте қар жаууы мүмкін.
Екінші онкүндікте түнде -1…-6-дан +2…+7-ге дейін, күндіз +6…+11-ден +15…+20-ға дейін. Үшінші онкүндікте түнде -2…-7-ге дейін, күндіз +6…+11, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
Шығыс Қазақстан облысы
Қысқы дөңгелекті қазірден бастап салу қажет, әсіресе шығыс және таулы аудандарда.
Екінші онкүндікте түнде -2…-7-ден +1…+6-ға дейін, күндіз +2…+7-ден +11…+16-ға дейін. Үшінші онкүндікте түнде -2…-7-ге дейін, күндіз +2…+7, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Таулы аудандарда үшінші онкүндікте түнде температура -12 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Ұлытау облысы
Дөңгелекті қазірден бастап ауыстырған жөн – түнгі үсік тұрақты сипат алды, ал айдың соңында қар жаууы ықтимал.
Екінші онкүндікте түнде -1…-6-дан +1…+6-ға дейін, күндіз +10…+20. Үшінші онкүндікте түнде -1…-6-ға дейін, күндіз +6…+11, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, тұман күтіледі.
Қарағанды облысы
Тасжолмен және таңертең ерте жүретін болсаңыз қысқы дөңгелекке ауысыңыз.
Екінші онкүндікте түнде -1…-6-дан +2…+7-ге дейін, күндіз +6…+11-ден +12…+17-ге дейін. Үшінші онкүндікте түнде -2…-7-ге дейін, күндіз +5…+10, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, тұман күтіледі.
Кімдер әзірге дөңгелек ауыстырмаса болады?
Батыс Қазақстан облысы
Тұтастай алғанда, үшінші онкүндіктің басына дейін жазғы дөңгелекпен жүре тұруға болады, бірақ кез келген уақытта ауыстыруға дайын болу керек. Үшінші онкүндіктің ортасындағы -7 градусқа дейінгі түнгі үсік пен көктайғақ – бұдан әрі кешіктіруге болмайтынының белгісі.
Екінші онкүндікте түнде +12…+17-ден 0…+5-ке дейін, топырақ бетінде 5 градус үсік, күндіз +25…+30-дан +5…+10-ға дейін. Үшінші онкүндікте түнде -2…-7-ге дейін, күндіз +3…+8-ге дейін, онкүндіктің соңында түнде 0…+5, күндіз +9…+14. Жауын-шашын – жаңбыр, үшінші онкүндіктің ортасында жаңбыр мен қар, тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау облысы
Екінші онкүндікте топырақ бетінде үсік пайда болады, ал үшінші онкүндікте түнде -5-ке дейін суытады. Егер сіз солтүстік және шығыс аудандарда жүретін болсаңыз, екінші онкүндіктің соңына қарай дөңгелек ауыстырған жөн.
Екінші онкүндікте түнде +11…+16-дан 0…+5-ке дейін, топырақ бетінде 2 градус үсік, күндіз +21…+26-дан +12…+17-ге дейін. Үшінші онкүндікте түнде 0…+5, солтүстігі мен шығысында -5, күндіз +6…+11.
Маңғыстау облысы
Қазан айының басым бөлігінде жазғы дөңгелекпен жүруге болады. Бірақ егер сіз таңертең ерте немесе солтүстік аудандарда жүретін болсаңыз, топырақ бетіндегі үсікке байланысты екінші онкүндіктің соңы мен үшінші онкүндіктің басында қысқы дөңгелекке ауысуды ойластырған жөн.
Екінші онкүндікте түнде +2…+7, күндіз +18…+23 градусқа дейін жылынады. Үшінші онкүндікте түнде 0…+5, күндіз +8…+13 градус шамасында болады. Жауын-шашын – жаңбыр түрінде.
Ақтөбе облысы
Екінші онкүндіктің соңына дейін жазғы дөңгелекпен жүре беруге болады, бірақ ай соңында алғашқы тұрақты түнгі үсік пен жылбысқы қар түскенде дөңгелек ауыстыру қажет. Түнгі температура -3 градусқа дейін төмендейтін шығыс аудандар үшін бұл қазірден бастап өзекті.
Екінші онкүндікте түнде +1…+6, шығыста -3, күндіз +10…+15 градусқа дейін. Үшінші онкүндікте түнде -1…-6, күндіз +5…+10 градус жылы, жаңбыр мен жылбысқы қар жауып, тұман түседі.
Қызылорда облысы
Қазан айы негізінен жылы болады, сондықтан жазғы дөңгелектер жарай береді. Алайда екінші және үшінші онкүндіктерде топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін. Егер таңертең ерте жолға шықсаңыз немесе солтүстік аудандарда жүрсеңіз, қысқы дөңгелектер жиынтығын дайын ұстаңыз, бірақ жаппай ауыстырудың әзірге қажеті жоқ.
Екінші онкүндікте түнде 0…+5, топырақ бетінде 3 градус үсік, күндіз +11…+16 градусқа дейін жылы. Үшінші онкүндікте түнде 0…+5, топырақ бетінде 3 градус үсік, күндіз +23…+28, онкүндіктің соңында түнде +2…+7, күндіз +14…+19 градус болады. Жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі.
Түркістан облысы
Жазғы дөңгелектер ай бойы өзектілігін жоғалтпайды. Топырақ бетіндегі қысқа мерзімді үсіктер дөңгелекті жаппай ауыстыруға себеп емес, бірақ таңертең ерте жолға шыққанда абай болған жөн.
Екінші онкүндікте түнде 0…+5-тен +7…+12-ге дейін, күндіз +23…+28 градусқа дейін. Үшінші онкүндікте түнде 0…+5, топырақ бетінде 3 градус үсік, күндіз +27…+32, онкүндіктің соңында түнде +4…+9, күндіз +20…+25 градус болады. Жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі.
Жамбыл облысы
Жазық жерлерде жазғы дөңгелектер әлі де жарай береді, бірақ топырақ бетінде түнгі үсік болғанда дөңгелек ауыстырған дұрыс. Ал ойпатты аймақтарда айдың соңына дейін күте тұруға болады.
Екінші онкүндікте түнде +7…+12, күндіз +23…+28 градусқа дейін. Үшінші онкүндікте түнде 0…+5, күндіз +24…+29, онкүндіктің соңында түнде 0…+5, күндіз +16…+21 градус жылы болады.
Алматы облысы
Тау бөктері мен таулы аймақтарда дөңгелекті ауыстыра беруге болады. Ал жазық жерлерде әзірге жазғы дөңгелекпен жүруге мүмкіндік бар.
Екінші онкүндікте түнде +3…+8, таулы аудандарда -3, күндіз +18…+23, оңтүстікте +26 градусқа дейін жылынады. Үшінші онкүндікте түнде 1–6 градус үсік, күндіз +10…+15 градусқа дейін жетеді. Жауын-шашын – жаңбыр, таулы жерлерде жаңбыр мен жылбысқы қар жауады, тұман түсіп, шаңды дауыл мен екпінді жел соғуы мүмкін.
Жетісу облысы
Таулы аудандарда дөңгелекті қазірден ауыстыруға болады. Жазық жерлерде екінші онкүндіктің соңына дейін күте тұруға болады, бірақ тауларда түнгі үсік пен жылбысқы қар басталса, кешіктірмеген абзал.

Фото: depositphotos.com