Түнде -4 градус: Астана мен Алматыда бүгін ауа температурасы айтарлықтай төмендейді
Астана, Алматы мен Шымкентте 16 қазанда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті.
Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 13 градусқа дейін көтеріліп, түнде 0 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,7 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 9 градусқа дейін жетіп, түнде -4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,2 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 22 градусқа дейін жетіп, түнде 13 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,9 м/с деңгейінде болмақ.
Фото: pixabay.com