Бүгін ел мегаполистерінің бірінде -3 градусқа дейін күн суытады
Синоптиктер жұма, 23 қазанда Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болатынын айтты. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +9 градусқа дейін көтеріліп, түнде +2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,7 м/с.
Астанада күн ақша бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +2 градусқа дейін көтеріліп, түнде -3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,3 м/с.
Шымкентте де бүгін жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы +19 градусқа дейін көтеріліп, түнде +4 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 8,9 м/с.
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков