Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады

Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады 

Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындары мен қала қонақтарына көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін ескертті
"Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары! 2026 жылғы 5-7 қараша аралығында елордада бірқатар халықаралық саяси іс-шара өтеді. Осыған байланысты қала көшелерінің кейбір бөліктерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арнайы мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары мен Қазақстанның Қарулы күштері жұмылдырылады.
Сонымен қатар, 1 қарашадан бастап Астана аспанында әскери ұшақтар оқу-жаттығу ұшуларын өткізеді.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шара кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданатын шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп хабарлады Мемлекеттік күзет қызметі.

Фото: instagram/sgork_official