Алматыда баспа күнінеиорай ІІ Халықаралық күзгі мектеп өтеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлттық баспа күніне орай «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты ІІ Халықаралық күзгі мектеп өтеді.

Баспа ісі, медиа және дизайн күзгі мектебіне БАҚ өкілдері, баспа мамандары, ЖОО оқытушылары мен студенттер, магистранттар, докторанттар қатысады. Шара аясында халықаралық ұйымдар өкілдерінің, танымал баспа мамандарының, белгілі журналистердің, қолтаңбасы дара дизайнерлердің шеберлік сыныптары өтеді. Қатысу форматы: онлайн және офлайн.



Курстың соңында 72 сағаттық сертификат беріледі.



ІІ Халықаралық Баспа ісі, медиа және дизайн күзгі мектебінің басты бағыттары:

Генеративті жасанды интеллект және медиа өндірісінің болашағы.

AI дәуіріндегі редакциялау және медиамәтін сапасы.

Генеративті медиадизайн және визуалды сторителлинг.

Кітап индустриясының цифрлық трансформациясы.

Медиакеңістіктегі ақпараттық қауіпсіздік.

Платформалық журналистика, медиасауаттылық және цифрлық этика.


    P.S. Күзгі мектепке қатысу қаражатын қатысушылар өздері көтереді. Бағасы – 15 000 тг (келісімшарт толтырғаннан кейін, көрсетілген университет есепшотына қаражат аударылады).


Өтетін күндері: 5-19 қараша, 2026 жыл. Ашылуы 5 қараша сағ. 10:00.

Өтетін орны: «Әл-Фараби» кітапханасы, 409 зал.



Ұйымдастыру комитеті:

Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы

Байланыс телефондары: +77712073437, +77476354596, +77075358455



Рамазан Айгүл Әмірғалиқызы, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., доцент

Тлеубаева Назерке Дәлелханқызы, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары, аға оқытушы

Бұркітбаева Айжан, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, оқытушы

Альмухаметова Махаббат Құрмашқызы, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының оқытушысы



Күзгі мектепке тіркелу осы сілтеме бойынша жүргізіледі.