Астанада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына арналған салтанатты қабылдау өтеді

Бүгін Астанада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына арналған салтанатты қабылдау өтеді. Бауырлас елдің Елшілігі ұйымдастыратын шараға мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды тұлғалары, дипломаттар мен зиялы қауым өкілдері қатысады.

Кештің басты сәтінде Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған арнайы бейнежолдау арқылы құттықтау сөз сөйлейді. Айта кетейік, таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барып, қос халықтың айнымас достығын тағы бір мәрте дәлелдеген болатын. Қазір екі ел арасындағы тауар айналымын 15 миллиард долларға жеткізу және Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ықпалдастықты тереңдету көзделіп отыр.


Фото: basnews.kz