Түнде -2 градусқа дейін суытады: ел мегаполистерінде бүгін күн райы қандай болады
Синоптиктер жұма, 6 қарашада Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болатынын айтты. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +16 градусқа дейін көтеріліп, түнде -1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,3 м/с.
Астанада күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +11 градусқа дейін көтеріліп, түнде -2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 9,2 м/с.
Шымкентте бүгін күн бұлтты болады деп күтіліп отыр. Күндіз термометр бағанасы +24 градусқа дейін көтеріліп, түнде +9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,5 м/с.
Фото: pexels.com