Бүгін ел мегаполистерінің бірінде қар жаууы мүмкін
Синоптиктер бүгін, 11 қарашада Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болатынын айтты. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда қар мен жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы +11 градусқа дейін көтеріліп, түнде +4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,1 м/с.
Астанада жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +2 градусқа дейін көтеріліп, түнде -6 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,2 м/с.
Шымкентте бүгін аздаған жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз термометр бағанасы +9 градусқа дейін көтеріліп, түнде +3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,0 м/с.
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков