Бүгін ел мегаполистерінің бірінде қар жауады

Бүгін ел мегаполистерінің бірінде қар жауады 

Астана, Алматы мен Шымкентте 16 қарашада ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті
Бүгін Алматыда қар жауады. Күндіз ауа температурасы 1 градусқа дейін көтеріліп, түнде -3 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,7 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 2 градусқа дейін жетіп, түнде -4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,1 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 15 градусқа дейін жетіп, түнде 2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,1 м/с деңгейінде болмақ.

Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков