Тоқаев Палестина президентіне жеделхат жолдады

Тоқаев Палестина президентіне жеделхат жолдады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина президенті Махмуд Аббасты және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент Палестина көшбасшысының бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы бағдары халық бірлігін сақтауға, ел егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуға қызмет етіп, екіжақты қарым-қатынас өркендей беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббастың жауапты қызметіне табыс, ал Палестина халқына құт-береке тіледі.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі