Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларды әлеуметтік желіде тіркеуге тыйым салынады

Елімізде 16 жасқа толмаған балалар әлеуметтік желілерге тіркеле алмауы мүмкін. Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың айтуынша, бұл норма онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелеріне қатысты заң жобасында қарастырылған. Құрылтай осыған қатысты құжатты бүгін бірінші оқылымда мақұлдады.

Мақұлданған заң жобасына сәйкес, жедел хабар алмасу сервистерінен басқа әлеуметтік желілерде 16 жасқа дейінгі балаларды тіркеуге тыйым салу көзделіп отыр.

Сонымен қатар 5 мыңнан астам жазылушысы бар онлайн-платформалардың пайдаланушылар тізілімі жүргізіледі. Ал білім беру контентін жариялайтын авторлар тиісті білімі туралы диплом немесе сертификат деректерін көрсетуге міндеттеледі.

Бұдан бөлек, заңға «оккульттік қызметтер» ұғымы енгізіледі. Мұндай қызметтерді насихаттайтын контентте оның ғылыми тұрғыдан расталмағаны және ойын-сауық сипатында екені туралы ескерту болуы тиіс.


Фото: canva