Уәкілетті органның нұсқамаларын орындамағаны үшін онлайн-платформалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Бұл норма онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелеріне қатысты заң жобасында қарастырылған. Бүгін Құрылтай бірінші оқылымда мақұлдаған құжат жөнінде Мәдениет және ақпарат министрі баяндама жасады. Арман Қырықбаевтың айтуынша, заң жобасында онлайн-платформалардың Қазақстанда заңды тұлға ретінде өкілдік ашуы туралы талапты бекіту ұсынылып отыр.
Фото: Gov.kz