Қазақстанда бірнеше мемлекеттік портал апта соңына дейін уақытша жұмыс істемейді
Бүгіннен бастап аптаның соңына дейін қазақстандықтарға Enbek экосистемасының сегіз онлайн-сервисі қолжетімсіз болатыны ескертілді
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Telegram-дағы арнасында Enbek экосистемасының ақпараттық ресурстарында техникалық жұмыстар жүргізілетіні хабарланды.
"Осыған байланысты 2026 жылғы 19 қараша сағат 22:00-ден 23 қараша сағат 08:00-ге дейін (Астана уақытымен) мына ақпараттық ресурстарға қолжетімділік уақытша шектеледі:
• enbek.kz; • migration.enbek.kz; • career.enbek.kz; • hr.enbek.kz; • passport.enbek.kz; • skills.enbek.kz; • competence.enbek.kz; • aleumet.egov.kz.
Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін порталдарға қолжетімділік әдеттегі режимде қалпына келтіріледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.
Фото: pexels.com