Астанада Жаңа Конституция аясында қылмыстық заңнаманы жаңғырту мәселелері талқыланды

Бүгін Астанада Жаңа Конституция аясында қылмыстық заңнаманы жаңғырту мәселелері талқыланды.

Ғылыми-практикалық конференцияда адам құқықтарын қорғау, сот төрелігін жетілдіру және құқықтық реформалардың жаңа бағыттары қаралды. Басқосуға мемлекеттік органдар, сот-құқық қорғау жүйесі мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты. Республикалық заңгерлер одағының төрағасы, заң ғылымдарының докторы Серік Ақылбай да өз пікірін білдіріп, заңнаманы жетілдіру жөніндегі көзқарасымен бөлісті.