Астана - 101,4FM

Мағзұм Мырзағалиев ауасы қатты ластанған 10 қаланы атады

Мағзұм Мырзағалиев ауасы қатты ластанған 10 қаланы атады

Елдімекендерді газдандыруды белсенді түрде жалғастыру керек. Мұндай тапсырманы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин берді. «Биылғы жылдың қорытындысы бойынша ел тұрғындарын газдандыру көрсеткіші 53 пайыз деңгейінде болады деп жоспарланған, 10 млнға жуық адам табиғи газға қолжеткізбек», - деді Үкімет басшысы. Оның айтуынша, 2025 жылы газдандыру деңгейі 60 пайызға жетіп, 2120 елді мекен немесе 11,7 млн тұрғын қосылады.

*** 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ауасы жоғары деңгейде ластанған 10 қаланы атады. «2019 жылдың қорытындысы бойынша атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес 45 елді мекеннің ішінде 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады», - деді Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында.

***

Атырау облысында мониторинг топтарының жұмысы күшейтіледі. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткізген кеңсте айтылды. «Қауіптің алдын алу үшін мониторинг топтары әсіресе, демалыс күндері жұмысын күшейтсін. Халыққа індеттің қаупі туралы түсіндіру, ескерту жұмысын жандандырыңыздар»,- деді Махамбет Досмұхамбетов. Басқосу соңында өңір басшысы қаулы талаптарын қатаң сақтауды, мониторингтік топ жұмысын тұрақты зерделеп отыруды, түсінік жұмысын кеңінен жүргізуді тапсырды.

***

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында көпбалалы отбасыларға арналған 60 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй салынды. «Биыл аудан орталығы Глубокое кентінде «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Оның 45-і кезекте тұрғандарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін болса, қалған 15-і көпбалалы отбасыларға берілмек», - деді Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахымжанова. Бұдан бөлек, қазір Глубокое кентінде 20 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін екі пәтерлік 10 үйдің құрылысы жүргізілуде. Облыстық бюджет қаражаты есебінен үйлерді сатып алуға 280 млн теңге, сондай–ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу үшін аудандық бюджет есебінен 28 млн теңге бөлінген.

***

Атырау облысында екі жылда ЭКО тәсілімен 177 сәби дүниеге келген. Бұл туралы «Экомед Атырау» орталығының репродуктолог-дәрігері Гүлсара Басарова онлайн брифингте мәлім етті. Оның айтуынша, шахарда 3000 әйел мен ер азамат бедеулік диагнозымен тіркелген. « мемлекет тарапынан жыл сайын экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасына квота бөлініп келеді. Биыл 9 квота бөлінді. Оның ішінде тек 6 процедура ғана нәтижелі болды. Облыста ЭКО кезегінде 722 жұп кезекте тұр. », - деді Гүлсара Басарова.