Астана - 101,4FM

Петропавлда заңсыз ағаш кесушілер ұсталды

Петропавлда заңсыз ағаш кесушілер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласында «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» атты халықаралық парламенттік конференция өтті. Бұл ауқымды жиында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз елімізді қалыптастыру мен дамыту жолындағы еңбегіне және жүргізген саясатына ерекше назар аударды. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, еліміздің барлық жетістіктігі тікелей Елбасының ерен ерлігі мен саяси батыл қадамдарының жемісі. Бейнеконференцияға Вьетнам, Италия, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Чехия, Еуропалық Парламент басшылары мен депутаттары қатысып, Тұңғыш Президенттің Қазақстанды әлемдік деңгейге жеткізген саяси, тарихи тұлға екенін айтты.

***

1 желтоқсан күні сағат 21:40-та «Хабар» телеарнасында журналист Айгүл Әділованың «Портреттің штрихтары» деректі фильмінің бірінші бөлімі көрсетіледі. Фильм Елбасының баспасөз қызметі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен шығып отыр. «Портреттің штрихтары» – Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған, Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұлғасының бұрын көрерменге белгісіз болып келген қырларын ашатын көпсериялы деректі фильм. Ол Елбасының эксклюзивті сұхбаты негізінде жасалған.

***

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласындағы Балалар арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында 4 баланың өліміне қатысты тергеу амалдары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тергеу барысында эксгумация жасалып, екі комиссиялық сот-медицина сараптамасы жүргізілді. «Сараптама қорытындысына сәйкес, балалардың өлімі өкпе фиброзы, екіжақты іріңді бронх пневмониясы сияқты жанама аурулардың салдарынан болған. Сондай-ақ мәйіттерді тексеру барысында үш балада дене жарақаты анықталды. Алайда бұл жарақаттардың тәрбиеленушілер өліміне қатысы жоқ. Осыған байланысты ауыр дене жарақатын алу фактісі бойынша қылмыстық іс бөлек өндіріске шығарылып, ары қарай тергеу амалдары жүргізіледі», - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.

***

Петропавл маңындағы орманның бірінде жұмыс істеген заңсыз ағаш кесушіні орманшылар әлеуметтік желіде жарияланған фото көмегімен қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Петропавл маңындағы әуежайға баратын орманда біреулердің ағаш кесіп жатқанын түсіріп, сау ағаштардың оталып жатқанына наразылығын білдірді. Жазбаны әлеуметтік желіге мониторинг жүргізген «Қызылжар орман шаруашылығы» қызметкерлері де көрген. «Бұл жерде құрт жеген, қурай бастаған 55 текше метр ағаш кесілуі тиіс болатын. Бірақ Игнатенко деген азаматқа бұл көлем аз болып, ол әрі қарай ағашты заңсыз кескен. Осылайша белгіленген шекарадан шығып, 9 текше метр ағашты рұқсатсыз кесіп алған. Қазіргі таңда келтірілген шығын мөлшері есептелді. Іс құқық қорғау орындарына беріліп, тергеу жүріп жатыр.