Ала қарға
Ала қарға
халық әні
Қарағым, айналайын, қал жақсыма?
Көзіңді сала берме әр жақсыға.
Көзіңді сала берсең әр жақсыға
Көрінер бәрі жақсы алғашқыда.
Қайырмасы: А-ха-хау, ала қарға
Қонады жаржан-жарға.
Қосылса екі жақсы
Угәй-угәй, арман бар ма.
Қараймын қарайғанға қабан ба деп,
Атымды қамшылаймын шабан ба деп.
Сұраймын өткеннен де, кеткеннен де
Ауылы қалқатайдың аман ба? - деп.