Астана - 101,4FM

Алмажай-ай

Алмажай-ай

халық әні

Ұшып жүрген әуеде көгілдірік,

Көк дөненге жарасар өмілдірік.

Алмажай-ай,

"Сабыр түбі сары алтын" - деп айтады, япырмай.

Неге келдің, ей қалқа, неге кеттің-ай,

Қабырғамның бір жағын сөгілдіріп.

 Алмажай-ай,

"Сабыр түбі сары алтын" - деп айтады, япырмай.

Ұшып жүрген аспанда ала қарға,

Мендей сылқым ауылыңда дара бар ма.

Алмажай-ай,

"Сабыр түбі сары алтын" - деп айтады, япырмай.

Қос сұлуға ынтық ем өз ойымдай,

Қоспай қойған тағдырға шара бар ма.

 Алмажай-ай,

"Сабыр түбі сары алтын" - деп айтады, япырмай.