Астана - 101,4FM

Сәулем-ай (1-түрі)

 Сәулем-ай (1-түрі)  

 халық әні

    Көк ала үйрек көлдерде байлаңдаған, сәулем-ай,

    Бір сырым бар, өзіңе айта алмаған, сәулем-ай.

    Томағасын сыпырған лашындай, сәулем-ай

    Айналайын көзіңнен жаутаңдаған, сәулем-ай.

    Қайырмасы:

    Сәулем, сәулем, сәулемсің,

    Басымдағы дәуренсің,

    Жақсы болсаң сәулемсің,

    Жаман болсаң әуремсің.

    Ағынан да қалқамның, көбі жақсы, сәулем-ай,

    Барынан да жаманның жоғы жақсы, сәулем-ай.

    Бір сыр айтсаң жаманға, түсінбейді, сәулем-ай,

    Қорғасындай балқыған, қайран жақсы, сәулем-ай.

    Қайырмасы: