Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қостанайда жас суретшілер мен қолөнер шеберлеріне арналған ІІ республикалық «Жас толқын» байқауы мәресіне жетті.

Қостанайда жас суретшілер мен қолөнер шеберлеріне арналған ІІ республикалық «Жас толқын» байқауы мәресіне жетті.

Екі айға созылған шығармашылық байқауға 80-ге жуық жас автор қатысып, төл туындыларын сақа шеберлерден құралған қазылар алқасының таразысына салып көрді.

Жергілікті жас сурет­шілер­дің туындылары карантин режімі күшейтілгенге дейін облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залынан орын алып, қала тұрғындарының тамашалауына мүмкіндік туды. Байқауға өзге өңірлерден қатысқан суретші, қолөнер шеберлерінің дүниелері онлайн көрмеге орналастырылды.

Бұған дейін мәдениет бас­қармасы мен облыстық та­рихи-өлкетану музейі, Су­рет­­шілер одағының жер­гілік­ті филиалының ұйымдас­тыруымен облыс көлемінде ғана өткізіліп келген өнер байқауы былтырдан бастап республикалық деңгейде өте бастаған.

Байқау қорытындысы бойынша «Бейнелеу өнері», «Графика», «Мүсін», «Де­ко­ративті-қолданбалы қол­өнер» аталымдарының же­ңімпаздары арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Байқауға қатыс­қан өнерпаздардың еш­бірі құр қол қалған жоқ, ұйым­дастырушылар талапкер су­ретшілердің ұстаздары мен өнер мекемелерінің мекенжайына арнайы сертификат қағаздарын жолдады. Қа­зы­лар алқасы бірауыздан қа­былдаған ұйғарым бойынша Лисаков қаласынан қа­тыс­қан жас суретші Әсел Нұр­ке­нова байқаудың Гран-приі мен мәдениет басқармасы тағайындаған 300 мың тең­гелік қаржылай сыйлыққа ие­ болды.