Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Астана Балет» жаңа театр маусымын ашады

«Астана Балет» жаңа театр маусымын ашады

9 және 10 қыркүйекте "Астана Балетте" екі көріністі «Бейбарыс сұлтан» балеті көрсетіледі. Сирия мен Мысыр билеушісінің өмір жолын суреттейтін спектакльдің авторы – театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри.

17-қыркүйекте көрермен назарына Ариф Меликовтың музыкасына қазіргі заманның әйгілі хореографы Юрий Григорович қойған «Махаббат туралы аңыз» балеті көрсетіледі.

16 қазанда "Астана Балет" "Ұлы Дала мұрасы" ұлттық дивертисментін ұсынады.

Сондай-ақ жаңа маусымда Dior француз сән үйінің қатысуымен Ксения Звереваның қойылымындағы «Dior. МаMuse» балетінің премьерасы өтпек. Бұл туындыда сән әлемінің әйгілі өкілі Кристиан Диордың өмір жолы суреттеледі.