Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Бақтияр Адамжан әлемдік сахналарды бағындыруда

Бақтияр Адамжан әлемдік сахналарды бағындыруда

«Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көптеген халықаралық балет әртістері байқауының Гран-при иегері Бақтияр Адамжан әлемдік сахналарды бағындыруда. Қазақстандық жұлдыздың балеттік маусымы тамыз айында Италияда басталды, онда ол «Роберто Болле және оның достары» атты атақты Гала-концертте өнер көрсетті. Ал қыркүйектің 14, 15, 16 күндері Бақтияр Адамжан Рим операсы театрының ғаламат премьерасы – әйгілі хореограф Ролан Петидің «Париж Құдай анасының соборы» балетінде Квазимодо партиясында өнер көрсетті. Енді оның өнер көрсетуін Ресей, Ямайка және Австралия елдері күтіп отыр.