Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Әлім Бейсембаев пианистердің беделді байқауында жеңіске жетті

Әлім Бейсембаев пианистердің беделді байқауында жеңіске жетті

Қарағанды қаласының тумасы Әлім Бейсембаев Ұлыбританияның Лидс қаласында өткен 20-шы халықаралық пианистер байқауының жеңімпазы аттанды. Оған «Уотерман» алтын медалі мен 25 мың фунт стерлинг сыйақы берілді. Сондай-ақ, Әлім Бейсембаев, Warner Classics-пен келісімшарт жасасуға және Steinway&Sons компаниясы ұйымдастыратын Еуропалық турға аттануға мүмкіндік алып отыр. Негізгі марапаттан бөлек, музыкант XX-XXI ғасырлардағы туындыларды үздік орындағаны үшін берілетін Ливерпульдегі корольдік филармония қоғамының және medici.tv нұсқасы бойынша көрермен көзайымы сыйлығына ие болды.

 Әлім Бейсембаев– бұл байқауда жеңіске жеткен тұңғыш қазақстандық өнерпаз. Музыкант 2016 жылдың қыркүйегінен бастап Лондондағы корольдік музыка колледжінің магистратурасында оқиды. Онда ол танымал профессорлар – Ванесса Латарш пен Дмитрий Алексеевтен дәріс алуда.