Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елордада Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының гастрольдері өтеді

Елордада Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының гастрольдері өтеді
Гастрольдік сапардың негізгі мақсаты-елордалық көрерменді театр шығармашылығымен таныстыру. Өнер ордасы 8-10 қазан аралығында "Астана Опера" сахнасында  6 спектакль қоюды жоспарлап отыр.  Бүгінде Қарағанды музыкалық комедия театры белгілі отандық, шетелдік режиссерлермен, дирижерлармен және хореографтармен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейді. Өнер ордасы басқа театрлардың әртістерін бірлескен жобаларға қатысуға шақырады. Сондай-ақ жас көрерменге көп көңіл бөледі. Театр репертуарында классикалық және заманауи 100 – ден астам ертегі бар.