Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Павлодарлық музейден 1930 жылы салынған картина табылды

Павлодарлық музейден 1930 жылы салынған картина табылды

7 қазанда Павлодардың Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде белгісіз автордың туындысының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

Суретте Алжирда тұтқында болған қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш актриса, қазақ театрының әртісі, алашордашы Жұмат Шаниннің әйелі - Жанбике Шанина М.Әуезовтің "Қаракөз" пьесасында Қаракөз рөлінде бейнеленген. 30-шы жылдары қазақ зиялылары түрлі сылтаулармен толықтай жойылды. Атылғандардың арасында қазақ ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушы Жұмат Шанин де болды. Оның басына түскен барлық қиындықты әйелі Жанбике Шанина көтерді, тіпті репрессияға ұшыратып, 8 жылға Ақмоладағы Алжир лагеріне жіберді. Жанбике музыкаға өте жақын және талантты актриса болған. Ол шынында да алғашқы қазақ актрисасы саналады, өйткені оған дейін театр сахнасында тек ер адамдар ғана жұмыс істеген. Ол өзінің өнерімен барлық қазақ қыздарына театр шығармашылығына жол ашты.