Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда Корей мәдениетінің фестивалі өтеді

Алматыда Корей мәдениетінің фестивалі өтеді

15-16 қазанда Алматы қаласының Республика сарайында корей мәдениетінің фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналмақ. Корей мәдени орталығының директоры Ли Херанның айтуынша, фестивальде корей халқының дәстүрі мен мәдениетіне қызығатын алматылықтарға және қала қонақтарына түрлі концерттік бағдарламалар ұсынылады. Атап айтқанда, 15 қазанда  корей музыкалық комедия театры өнер көрсетеді, ал 16 қазанда осы елдің әншілері концерт қояды. Дәл осындай шара өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында да ұйымдастырылған.