Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры жаңа маусымын ашты

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры жаңа маусымын ашты

 Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының кезекті маусымының шымылдығы түрілді. Дәстүрге сай жаңа маусымда Мұхтар Әуезовтің бір шығармасы сахналанады. Театр директоры Еркін Жуасбек мұны театрдың жазылмаған заңы деп атады. Осылайша 96-маусымның ашылуына жиналған көрермен "Абай" спектаклін тамашалады. Маусымашарда көрерменге арнайы "Сахна сәттері" көрмесі ұйымдастырылды. Ол жерде кейінгі 40 жыл ішінде театр сахнасындағы тарихи сәттерден фотолар қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Театр көрермендер үшін биылғы маусымда көптеген жаңа спектакльдер әзірлеп отыр. Олардың ішінде екі прьемера жаңа жылға дейін өтеді деп жоспарланған. Қараша айында Әбдіжәміл Нұрпейісовтың "Қан мен тер. Ақбала" спектаклі, ал желтоқсан айында жазушы Рахметолла Райымқұлов әңгімесінің желісімен сахналық нұсқасын драматург Дулат Исабеков жазған "Машқар түнгі махаббат" қойылымы көрерменге жол тартпақ.